Жәнібек Әлімханұлы The Ring рейтингінде екі сатыға көтерілді

The Ring журналы барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта тоғызыншы орында тұрған, жаңарған рейтингіде жетінші сатыға көтерілді. Таяуда Жәнібек орта салмақта WBA Regular тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы америкалық Роб Брантты техникалық нокаутпен жеңген болатын. Америкалық боксшы Әлімханұлынан жеңілгеннен кейін ТОП-10 тізімінен шығып қалды.

Орта салмақ рейтингінде IBF/IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин көш бастап тұр, кейінгі орындарда америкалық Джермалл Чарло мен Деметриус Андраде келеді.

Кейінгі орындар мынадай:
4. Сергей Деревянченко (Украина)
5. Риота Мурата (Жапония)
6. Хайме Мунгия (Мексика)
7. Жанибек Алимханулы (Қазақстан)
8. Кіші Крис Юбэнк (Ұлыбритания)
9. Лиам Уильямс (Ұлыбритания)
10. Феликс Кэш (Ұлыбритания).