Коронавирус жұқтырған 230 пациенттің жағдайы өте ауыр

Елімізде 58 887 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Бұл туралы ДСМ хабарлады.

19 шілдедегі мәлімет бойынша, 58 887 адам коронавирус инфекциясынан (–57 269 + және 1618 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 19 005 пациент стационарда, 39 882 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 1047 адамның жағдайы ауыр,

• 230 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 144 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.