Полиция зейнеткерді тонады деген күдікпен Теміртау қаласының тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 маусымда 68 жастағы қала тұрғыны Қарағанды облысы Теміртау қалалық ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне хабарласып, өзін тонап кеткені жайлы айтқан. Жәбірленуші зейнеткер танысының үйіне қонаққа келген екен. Пәтерде зейнеткерден басқа тағы бір ер адам болған. Біршама уақыттан соң әлгі ер адам зейнеткердің қолындағы барлық қолма-қол ақшаны – 30 мың теңгені күшпен тартып алып, қашып кетеді.
Аталған факт бойынша полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғады. Полиция дереу шабуыл жасаған адамды анықтады, ол 43 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ер адам бұрын бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.
12 маусымда жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері шабуылдаушының тұрған жерін анықтап, оны ұстады. Ол қылмысын мойындап, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.