Тағы бір өңір «қызыл» аймаққа өтті

15 шілдедегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

Қазіргі уақытта «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

«Сары» аймақта Алматы және Жамбыл облыстары тұр.

«Жасыл» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.