Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 10,1 пайызға артты

Халық алдында есеп берген ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаров короновирус індетінен туындаған дағдарысқа қарамастан, осы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша агроөнеркәсіп кешеніндегі ахуал тұрақты болып тұрғанын баяндады.

“Короновирустық пандемиямен байланысты қазіргі жағдай азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығын дамыту басты мәселелердің біріне айналғанын көрсетті”,-деді ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаров.

Карантиннің алғашқы күндерінде түрлі елдерде азық-түлік тауарларына сұраныстың жоғары болғанын айтқан министр, ауылшаруашылығының жалпы өнімі 2,2%, азық-түлік өндірісі 2,4% өскенін хабарлады.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 10,1 пайызға артып, 98,4 млрд. теңгені құраса, азық-түлік өндірісі – 14,9пайызға артып 20,6 млрд. теңгені құраған.Мал шаруашылығында жалпы өнім 2,3% артқан. Өндірістің ұлғаюы ет өндірісінің 3,6% , сүттің 3,2% өсуіне байланысты болған.

2020 жылғы көктемгі дала жұмыстарын уақтылы жүргізуді қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданғанын және бүгінгі күні егіс жұмыстары аяқталуға жақын екенін атап көрсетті.