Үндістанның солтүстігінде найзағай соғып кем дегенде 60 адам көз жұмды. Оның ішінде оннан астам адам – ортағасырлық сарайға барғанда селфи жасамақ болғандар. Бұл туралы 24kz хабарлады.
Уттар-Прадеште жексенбі күні 41 адам қаза тапты. Оқиға негізінен ауылдық жерлерде болған.