Сұлтан Заурбек әлемдегі үздік 50 боксшының қатарына қосылды

Жеңіл салмақтағы жерлесіміз Алматыдағы жекпе-жек кешіне қатысқан еді. Сұлтан британиялық Ронни Кларкты жеңіп, WBO European чемпиондық белдігін жеңіп алды.

Заурбек 10 шілде күні Алматыда өткен бокс кешіне қатысып, британдық Ронни Кларкпен жұдырықтасқан болатын. Жекпе-жек он раундқа созылып, қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Бұл жеңістен кейін Сұлтан WBO European белбеуіне ие болды. Осы жекпе-жектің алдында 73-орында болған спортшы BoxRec рейтингінде 49-орынға көтерілді.