Жарақаты бар: Садриддин Ахмедовтың жекпе-жегі өтпейтін болды

Садриддин Ахмедовтың канадалық Мпонда Калунга қарсы жекпе-жегі өтпейтін болды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы «Спорт Шредингер» телеграм-арнасы хабарлады.

«Садриддин Ахмедов пен канадалық Мпонда Калунга арасындағы жекпе-жек тоқтатылды. Ол 16 шілдеде Шавиниганда өтуі керек еді.

Қазақстандық боксшының белінде жарақаты бар, қалпына келтіру кем дегенде алты аптаға созылады», – деп жазады арна.

Айта кетейік, аталған жекпе-жек 16 шілдеде Шавиниганда (Квебек, Канада) өтеді деп жоспарланған.