Тағы екі өңір «қызыл» аймаққа өтті

Коронавирус бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

2 шілдедегі жағдай бойынша:

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды, Маңғыстау облыстары.

«Сары» аймақта: Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстары.

«Жасыл» аймақта: Алматы, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.