
Каталондықтар «Ювентус» пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдуға қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Каталондық клубтың президенті Жоан Лапорта португалдықтардың трансферіне құптап отыр. Ол Лионель Месси мен Роналду бір командада ойнағанын армандайды. Лапорта соңғы онжылдықта әлем футболында үстемдік еткен екі жұлдызды біріктіру арқылы футбол тарихында өз ізін қалдырғысы келеді.
Роналдудың «Ювентуспен» келісімшартының аяқталуына бір жыл қалды. 36 жастағы португалиялық шабуылшы «Спортингтің» түлегі.