Қытай коронавирустан зардап шеккен елдерге 2 миллиард доллар бөледі

Бұл туралы осы елдің басшысы Си Цзиньпин Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 73-сессиясында мәлімдеді.

Қытай алдағы екі жылда коронавирустан зардап шеккен елдерге 2 миллиард доллар бөледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдің басшысы Си Цзиньпин Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 73-сессиясында мәлімдеді.

Қаржылай көмек алдымен дамушы елдерге беріледі. Цзиньпин сондай-ақ эпидемиямен күреске қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін гуманитарлық көмек хабы құрылатынын жеткізді. Және індеттің таралуын жасырды деген сынға да жауап берді.

Оның айтуынша, Қытайдың халықаралық ұйымы дертке қатысты барлық мәліметті дер кезінде таратқан.