Үндістанның Махараштра штатында коронавирустың «дельта плюс» деген жаңа штамы тіркелді. Індеттің бұл түрін 20 адам жұқтырған. Бұл туралы 24kz жазды.
Елдің денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша жаңа штамм әзірге зерттеліп жатыр. Оның адам ағзасына қаншалықты қауіпті екені белгісіз. Алайда сарапшылардың айтуынша мутация вирустың сипатын өзгертуі мүмкін. Сондықтан науқастарды бірнеше апта бойы бақылауда ұстау керек дейді мамандар.