Шымкент қаласында карантин режимі күшейтілетін болды.

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың 2020 жылғы 10 мамырдағы № 36, Шымкент қаласы бойынша төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік комиссияның 2020 жылғы 10 мамырдағы № 16 хаттамасына сәйкес, Халық арасында коронавирус инфекциясын алдын алу, таралуына жол бермеу мақсатында қаулы шығарды. Шымкент қаласы аумағында эпидемиологиялық ахуал толықтай тұрақтанғанша карантин режимі 2020 жылдың 25 мамыры сағат 7:00- ге дейін  созылды. Қаулыда:

  1. Шымкент қаласына көліктің және азаматтарға кіруіне және шығуға тыйым салынсын;
  2. Спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын өткізуге тыйым салуды;
  3. Кинотеатарлардың, таетрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметіне тыйым салуды;
  4. Шымкент қаласының аумағында барлық топтық объектілерге (сауда, қызмет көрсету, қаржы және т.б) жұмыс кестесі уақытша шектеліп сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін белгіленсін.
  5. Көп пәтерлі тұрғын үйлер мен тұрғын үй алаптарында орналасқан азық-түлік және бірінші кезекте қажетті тауарлармен байланысты дүкендерге жұмыс кестесі сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін белгіленсін, сонымен қатар ғимаратта бір мезгілде 3 тұтынушыдан артық болмауы тиіс,-делінген.

Құрметті Шымент қаласының тұрғындары! Денсаулығымызға бей-жай қарамай, міндетті түрде маска тағып, қашықтықты сақтап жүрулеріңізді сұраймыз. Қала халқының қауіпсіздігі үшін ерекше шаралар қабылдануда және жағдай толық бақылауда. Сондықтан, мейлінше сабырлық танытып, тәртіпке бағынайық!