Тағы бір өңір «жасыл» аймаққа өтті

Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

11 маусымдағы жағдайға сәйкес Павлодар «жасыл» аймаққа өтіп, енді – «қызыл» аймақта бір өңір, «сары» аймақта 5 өңір қалған.

– «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы.

– «Сары» аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.

– «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.