«Қайрат» футбол клубының 29 жасар ойыншысы қайтыс болды

Алматылық «Қайрат» футбол клубының 29 жасар ойыншысы Станислав Лунин қайтыс болды. Ол жанкүйерлеріне Ислам Далаев ретінде белгілі. Бұл туралы «Қайрат» клубының Instagram-дағы ресми парақшасы хабарлады.

Станислав Лунин кәсіби мансабын 2011 жылы бастап, «Восток», «Шахтер» және «Ертіс» командаларында өнер көрсеткен, Қазақстан құрамасының ойыншысы.

2014-2018 жылдар аралығында «Қайрат» сапында ойнап, 91 ойын өткізіп, 3 гол соққан.

«Қайрат» футбол клубы Станиславтың отбасына, оның барлық туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Қайғыларыңызға ортақпыз» – делінген жазбада.