Президент Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтап, олар жарқын болашақтың кепілі екенін атап өтті. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

“1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Еліміздің жас буын өкілдерінің балалық шағы бақытты өтіп, дені сау, жан-жақты азамат болып өсуіне жағдай жасау – стратегиялық маңызы бар міндет. Бұл – Қазақстанның жарқын болашағының кепілі” – деп жазды Президент.