Ерлан Жамантаев «Ақтөбе» футбол клубының жаңа директоры болды, деп хабарлайды Prosports.kz Айдын Қожахметтің Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Дереккөздің хабарлауынша, ақтөбелік клубтың бұрынғы басшысы Артур Смағұлов орнынан кетті.
Бұл қызметті енді бір кезде Қазақстан Футбол Федерациясында жағажай және әйелдер футболын және «Ұшқын-Искра» футзал клубын басқарған Жамантаев атқарады.