
Қазақстанның бір топ спортшысы Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әбішевті түрмеден мерзімінен бұрын шығару туралы Нұр-Сұлтан қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі Алқасына өтініш жолдады.
Айта кетейік, Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әбішев және «Қазақ күресі» дүниежүзілік федерациясы» халықаралық қоғамдық бірлестігінің бұрынғы вице-президенті Серік Түкиев сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін сотталған болатын.
Өтініш мәтіні мен оған қол қойған спортшылардың тізімін назарларыңызға ұсынамыз:
Нұр-Сұлтан қаласы сотының
қылмыстық істер жөніндегі
Алқасына
Өтініш
Біз төмендегі қол қойған Қазақстан спортшылары. Қазақ күресінің Дүние жүзінде қанат жайып дамуына үлкен үлес қосқан ағамыз Әбішев Ислам Әлмаханұлын бостандыққа шығаруларыңызды өтінеміз.
Түкеев Серік Адамұлын мерзімнен бұрын бостандыққа шығарғандарыңызға шексіз ризамыз. Ислам Әлмаханұлы да 60 айлық жазасының (5 жыл) 40 айын өтепті, жасы 65-тен асты.
Қос арыстан бостандықта жас спортшыларға, бапкерлерге өздерінің ақыл-кенестерін беріп отырған болар еді.
Өтінішімізді жерге қалдырмайсыздар деген ойдамыз.
Қазақстан спортшыларының атынан.
- Мырзағали Айтжанов бокстан 2013-2014 жылдараының қорытындысы бойынша дүние жүзінің екі мәрте ең үздік бапкері, ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушысы; 8-701-531-0793
- Марат Жақиев, бокстан әлем чемпиондары Ердос Жаңабергенов пен Бекзат Нұрдаулетовтың, Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетовтың бапкері, ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушысы; 8-777-244-6839
- Нұрлан Ақүрпеков, бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевтың, әлем чемпионатының жүлдегері Әбілхан Аманқұл мен Ғани Жайлауовтың бапкері, ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушысы; 8-771-418-4922
- Ғалымбек Кенжебаев, бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкин мен Азя чемпионатының жүлдегері Елдос Сайдалиннің бапкері ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушысы; 8-701-762-5171
- Таңат Сағындыков, грек-рим күресінен әлем чемпионы Бақтияр Байсеитов пен ССРО халықтары спартакиядасының жеңімпазы Есенкелді Батырғариннің бапкері, ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушысы; 8-747-567-0670
- Мұхтархан Ділдәбеков, бокстан Олимпиада ойындары мен әлем чемпионатының күміс жүлдегері; 8-702-777-2776
- Мәулен Мамыров еркін күрестен 1996 жылғы Атланта Олимпиадасы мен әлем чемпионатының қола жүлдегері; 8-701-233-7000
- Нұрбақыт Теңізбаев, грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері; 8-701121-8888
- Біржан Жақыпов, бокстан әлем чемпионы; 8-701-333-3348
- Қайрат Ералиев, бокстан әлем чемпионы; 8-701-161-5149
- Құдайберген Ағымов, грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаевтың бапкері, ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушысы, 8-778-275-4443