«Астана» – «Жетісу» матчына жанкүйерлер кіре алады

Қазақстан чемпионатының 11-турындағы «Астана» мен «Жетісу» матчына жанкүйерлер кіре алады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірдің бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, ел чемпионатының матчтарына стадион сыйымдылығының 20 пайызын толтыруға рұқсат берілген.

Клубтың баспасөз қызметі «Астана» – «Жетісу» матчына кіру тегін болатынын, тек ASHYQ қосымшасы арқылы кіру қажет екенін айтты.

«Астана» – «Жетісу» матчы бүгін «Астана Аренада» өтеді және елорда уақытымен 20:00-де басталады.