Коронавирус жұқтырған 802 адамның жағдайы ауыр

Қазақстанда 10 мамыр 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша ПТР арқылы 1 766 адамда коронавирус індеті расталды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 346 497.

11 мамырдағы мәлімет бойынша, 41 094 адам коронавирус инфекциясынан (40 692 КВИ+ және 402 КВИ-) ем алып жатыр. Оның ішінде 15 068 пациент стационарда, 26 026 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Коронавирусқа шалдыққандар арасында:

• 802 адамның жағдайы ауыр

• 186 пациенттің жағдайы өте ауыр

• 105 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.