Елордалықтар ертеңнен бастап Қытай вакцинасын салдыра алады

6 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан тұрғындары Sinopharm Қытай вакцинасын салдыра алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты, деп хабарлайды TENRINEWS.

«Қазір басқарма қоймаларына қытайлық Sinopharm өндірушісінің вакцинасы келді. Ертеңнен бастап осы вакцинаны егуге кірісеміз. Бұл вакцина осы өндіруші компанияның вакцинасын салдыруға ниет білдірушілер үшін таңдау-препараты», – деді Мұратов елорда әкімдігінің онлайн-брифингінде.

Оның айтуынша, қала тұрғындары препаратты өз қалауы бойынша таңдай алады, ал вакциналау ерікті түрде жүргізіле береді.