Коронавируспен ауырып жатқан 196 адамның жағдайы өте ауыр

Қазақстанда 5 мамырдағы мәлімет бойынша, 44 572 адам коронавирус инфекциясынан (44 202 КВИ+ және 370 КВИ-) емделуде. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

Ауырып жатқандардың ішінде 15 015 пациент стационарда, 29 557 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 784 адамның жағдайы ауыр,

• 196 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 117 науқас жасанды тыныс алу аппаратында аппаратында жатыр.

Айта кетейік, өткен тәулікте 2298 адамнан коронавирус анықталды.