Ол бұған дейін Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментіне басшылық еткен.
Департаменттің жаңа басшысын құқық қорғау блогының өкілдеріне және Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовқа ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин таныстырды.
Юрий Ильин Жасұлан Жұмашевтың төтенше жағдайлар саласындағы жұмысының тәжірибесін атап өтті.
Әбілқайыр Сқақов оның жұмысына сәттілік тілеп, аймақта екі жылдан астам қызмет атқарған облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бұрынғы бастығы Ернұр Өтегеновке алғысын білдірді. Кадрлық ротацияға сәйкес, Ернұр Өтегенов Батыс Қазақстан облысына ауысып, қызметін сол өңірде жалғастырады.
Жасұлан Жұмашев 1968 жылы Орал облысында дүниеге келген. Ол 1990 жылы Кеңес Одағының Маршалы В.Д. Соколовский атындағы Қызыл Ту орденді Новочеркасск жоғары әскери басшылығының байланыс мектебін бітіріп, 2003 жылы ҚР Қарулы күштерінің Әскери академиясын тәмамдады. Мамандығы – телекоммуникациялық жабдықтарды пайдалану инженері, жоғары әскери білімі бар офицер.
Еңбек жолын 1985 жылы «Уральскельстрой» тресінде бастаған. Әскери училищені бітіргеннен кейін, 1990 – 1992 жылдар аралығында, КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің арнайы мақсаттағы мотоатқыштар дивизиясында қызмет етті.
1992 жылдан 2001 жылға дейін ҚР Ішкі әскерлері жүйесінде қызмет атқарды. 2001-2004 жылдары – Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс бөлімінің бастығы – Республикалық Ұландар қолбасшысының көмекшісі, 2004 – 2005 жылдары – Республикалық Ұландар қолбасшысының аппарат жетекшісі. 2005 жылы Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментіне басшылыққа келді. 2008 – 2011 жылдары – Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы. 2011 – 2012 жылдары ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Ақпараттандыру және байланыс департаментінің директоры лауазымын атқарып, 2012 – 2015 жылдары ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс департаментіне жетекшілік етті. 2014 жылдан 2016 жылға дейін Жасұлан Жұмашев ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары болды.
2016 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып жұмыс істеді.