Қазақстанның қай өңірінде күнкөріс деңгейі ең төменгі межеде?

Қазақстанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына жетпейтін халық үлесі 1% артты. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті

2020 жылы үй шаруашылықтарын зерттеу дерегі бойынша, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына жетпейтін халық үлесі 5,3% құрады (2019 жылы – 4,3%).

2020 жылы кедейліктің ең жоғары мәндері тіркелген өңірлер:

– Түркістан (12,2%) облысы;

– Солтүстік Қазақстан (6,7%) облысы;

– Шығыс Қазақстан (6,5%) облысы