Түркияда дәрігерлер арасында футзалдан екінші әлем чемпионаты ұйымдастырылды. Оған әлемнің бірнеше елінен 200-ге жуық ақ халатты қатысты.
«Қазақстан құрама командасында Ақтөбе облыстық перинаталдық орталықтың неонатологі Асхат Жұмаев, Ақтөбе медицина орталығының нейрохирургі Руслан Қажғалиев және кардиореаниматолог Арман Амзеев бар. Салауатты өмір салтын насихаттап, дәрігерлер арасында шағын футболды дамыту мақсатында ұйымдастырылған әлем біріншілігі кезінде Қазақстан құрамасы жеңіске жетті», – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, жарысқа барлығы 8 команда қатысты. Бірінші орынды Қазақстан, екінші орынды Өзбекстан, үшінші орынды Украинаның дәрігерлер құрамасы еншіледі.