Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты: Қазақстан ерлер командасы бірінші орында

Өзбекстан астанасы Ташкентте ауыр атлетикадан Азия біріншілігі аяқталды деп хабарлайды Olympic.kz. 

 Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан ерлер командасы бірінші, Қазақстан әйелдер командасы төртінші орын иеленді.

Қазақстан командасы жалпы есебі 1 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алған.

Арли Чонтей Азия чемпионы атанса, Абылай Әуелханов, Карина Кузганбаева және Нұрғиса Әділетұлы күмісті қанағат тұтты.  Ал Екатерина Быкова, Айзада Мүптілда және Артем Антропов қола жүлдегерлер қатарында.