
Лос-Анджелес қаласында «Оскар-2021» америкалық киноакадемиясы жеңімпаздарын марапаттаудың 93-ші рәсімі өтті. Бұл туралы ВВС агенттігі хабарлады.
Үздік фильм ретінде «Оскарды» «Көшпенділер жері» фильмі алды. Оның режиссері Хлоя Чжао («Көшпенділер жері») үздік режиссерлік жұмысы үшін мараппаталды. Хлоя Чжао – үздік режиссура үшін «Оскар» алған екінші әйел адам. 2009 жылы «Дауыл әміршісі» фильмі үшін Кэтрин Бигелоу жүлде тарихында тұғыш рет «Оскар» алған еді.
Екінші пландағы үздік ер адам рөлі: Дэниэл Калуя («Иуда және қара мессия»)
Екінші пландағы үздік әйел адам рөлі: Юн Ё-джон («Минари»)
Шет тіліндегі үздік фильм: «Тағы бір реттен» дат режиссері Томаса Винтерберга
Үздік оригиналь сценарий: Эмералд Феннел («Үміт сыйлайтын қыз»)
Үздік қысқа метражды фильм: «Екі бейтаныс жан»
Үздік қысқа метражды анимациялық фильм: «Қандай да бір жағдай болса, мен сізді жақсы көрем»
Үздік адаптацияланған сценарий: «Әке», француз жазушысы және драматургі Флориана Зеллера
Үздік анимациялық фильм: «Жан»
Үздік қысқа метражды деректі фильм: «Колет»
Үздік деректі фильм: «Менің ұстазым-осьминог»