
Атырауда екі көлік апатынан 8 адам зардап шекті.
Әлеуметтік желіде Жылыой ауданындағы «Теңіз-Құлсары» жолында «ПАЗ» автобусы пен «КамАЗ» көлігінің соқтығысқаны туралы видео тарады. Алдын ала мәліметке сәйкес, «КамАЗ» көлігі қарсы жолаққа шыққан. Ал, 11 жолаушысы бар автобус аударылған.
«Жол-көлік апатынан 8 адам зардап шекті. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Автобустың жүргізушісі ауруханада жатыр. Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 1-бөлігімен тергеу жүргізілуде», – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.