Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 300 мыңнан асты

Қазақстанда 22 сәуір 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша 2894 адамда коронавирус індеті анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 511, Алматы қаласы – 698, Шымкент қаласы – 131, Ақмола облысы – 126, Ақтөбе облысы – 226, Алматы облысы – 195, Атырау облысы – 133, Шығыс Қазақстан облысы – 98, Жамбыл облысы – 70, Батыс Қазақстан облысы – 181, Қарағанды облысы – 228, Қостанай облысы – 31, Қызылорда облысы – 71, Маңғыстау облысы – 67, Павлодар облысы – 48, Солтүстік Қазақстан облысы – 41, Түркістан облысы – 39. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 300733.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 2307 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Сонымен қатар, коронавирустан 40 441 адам емделіп жатыр.

22 сәуірдегі мәлімет бойынша, 40 441 адам коронавирус инфекциясынан (39 943 КВИ+ және 498 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 387 пациент стационарда, 26 054 науқас амбулаториялық деңгейде емделіп жүр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 689 адамның жағдайы ауыр;

• 171 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 97 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.