«Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен Облыс орталығы Өскемен қаласында Республикалық «Дәрігерлерді ардақтайық» акциясы ұйымдастырылды.
Акцияның басты мақсаты короновирус инфекциясымен күресіп жатқан дәрігерлерге қолдау беріп, құрмет көрсету. Осы орайда, Өскемен және Семей қалаларында 100 дәрігерге алғыс пакеттері табысталды.
«Jas Otan» Жастар қанатының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты – Алмас Айтмұқаш бұл акция арқылы біз дәрігерлерге деген құрметтің жоғары екендігін және бұл індетте халықпен бірге екендігін көрсету болды.
Сонымен қатар, «Jas Otan» Жастар қанатының белсендісі – Дастан Нұршуақ пандемия басталғалы бері біз Республикалық «Біз Біргеміз!», «Дәрігерлерді ардақтайық» сынды акцияларды ұйымдастыру арқылы өз бірлігімізді, қуатты ел екенімізді көрсетіп келе жатырмыз – деді.
Инфекциялық аурухананың дәрігерлері акцияны ұйымдастырушы «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының белсенділеріне алғысттарын білдірді.