Тағы екі облыс «қызыл» аймаққа өтті

21 сәуірде Қазақстанның тағы екі облысы - Қызылорда және Маңғыстау облыстары "қызыл" аймаққа өтті.

Енді «қызыл» аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау облыстары.

«Сары» аймақта – Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Павлодар облысы. ⠀

«Жасыл» аймақта – Қостанай, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары. ⠀