Қазақстанда өткен тәулікте 2 530 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстандағы коронавирусқа қатысты 19 сәуір 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай жарияланды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Қазақстанда өткен тәулікте 2 530 адамнан коронавирус анықталды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 401, Алматы қаласы – 682, Шымкент қаласы – 49, Ақмола облысы – 101, Ақтөбе облысы – 121, Алматы облысы – 285, Атырау облысы – 97, Шығыс Қазақстан облысы – 67, Жамбыл облысы – 53, Батыс Қазақстан облысы – 237, Қарағанды облысы – 217, Қостанай облысы – 31, Қызылорда облысы – 45, Маңғыстау облысы – 29, Павлодар облысы – 58, Солтүстік Қазақстан облысы – 27, Түркістан облысы – 30. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 292 250.

Айта кетейік, Қазақстандағы коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 20 сәуірдегі мәлімет бойынша, 38 997 адам коронавирус инфекциясынан (38 634 КВИ+ және 363 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 13 836 пациент стационарда, 25 161 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 663 адамның жағдайы ауыр; • 176 пациенттің жағдайы өте ауыр; • 96 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Өткен тәулікте 2 084 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.