Жедел жәрдем көлігіне оқ атылды: Щучинскіде 17 жастағы жігіт әрекетін түсіндірді

Ақмола облысының полицейлері жедел жәрдем көлігіне оқ атқан адамды анықтады. Бұл туралы Tengrinews хабарлады.

Бурабай аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері 17 жастағы күдікті мен екі куәгерді анықтады. Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметінше, олар Щучинскідегі колледж студенті.

«Күдіктілер жасаған ісін мойындап, 11 сәуірде шамамен сағат 22.00-де көпқабатты үйдің алдында пневматикалық тапаншадан металл бөтелкелерге оқ атқанын айтты. Осы уақытта олардың бірі өтіп бара жатқан жедел жәрдем көлігіне кездейсоқ тиіп кеткен. Олар мұны әдейі жасамағанын айтты», – деді ПД өкілдері.

Кеше, 15 сәуірде Ақмола облысында белгісіз біреулер жедел жәрдем көлігіне оқ атқан. Көлікте аяғы ауыр келіншек отырған.

Медицина қызметкерлері тек қарудың дыбысын естіген. Әйнекті тесіп өткен оқ ешкімге тимеген.

«Шоссейная көшесімен келе жатқанбыз. Сосын оқ атылды. Ешқайда соғылмадық», – деді фельдшерлер.

Тек аздап шошынып қалған 26 жастағы аяғы ауыр келіншек аман-есен ауруханаға жеткізілді.