Сейсенбіге арналған ауа-райы болжамы: Оңтүстікте бұршақ жауып, жел күшейеді

Қазгидромет 13 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Республиканың басым бөлігіне антициклон жотасының ықпал етуіне байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек оңтүстік және солтүстік-шығыс аймақтарда атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте найзағай, бұршақ болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде бұршақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Ақмола, Қостанай, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде, Ақмола облысының оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, түнде және таңертең Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Қарағанды, Қызылорда, Ақтөбе, Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.