Қазақстандық файтер Қуат Хамитов жазда жанкүйерлерін жақсы жаңалықпен қуантады. Бұл туралы спортшы өзінің Instagram-парақшасында жазды.
«Жазда сіздерді тамаша жаңалық күтіп тұр. #ShowTimePPV», – деп жазды ол.
Спортшының сөз соңында қосқан хэштегтегінде көрсетілген Showtime телеарнасы әлемдегі UFC-ден кейінгі екінші Bellator лигасымен жұмыс істейді.
Айта кетейік, «Найман» кейінгі жекпе-жегін Ресейде өткізіп, жергілікті спортшы Максим Пантелеевті нокаутқа түсірді.