Аққулар оралды: Венеция арналарында туристер жоқтығынан су тазарып кетті

Италиялық Венецияда бұрын-соңды болмаған оқиғалар орын алуда. Коронавирус пандемиясы салдарынан туристерсіз қалған қалада жергілікті арналардың суы тазарып кеткен. Бұл құбылыс өз кезегінде суда жүзіп жүрген «ерекше тұрғындардың» пайда болуына да септігін тигізген деп жазады KAZ.NUR.KZ life.ru сайтына сілтеме жасап.

Венеция тұрғындары бұған дейінгі лас судың мөп-мөлдір болып тазарып кеткеніне аса қатты қуануда. Олар арналардағы тазарған судың әдемі көрінісін фото мен видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде қалың көпшілікпен бөлісіп жатыр.

Судың таза болғанын соншалық, кейбір бейнематериалдан, тіпті, оның түбі де көрінеді.

Кейбір тұрғындар суда жүзіп жүрген балықтарды түсіріп алса, енді бірі арналарда аққулардың пайда болғанын хабарлаған. Судың бетімен жүзген махаббат құстарына жергілікті халықпен қоса, ғаламтордағы жұртшылық та тәнті болған.

Венециялықтардың айтуынша, пандемия жарияланғалы туристер кетіп, арнадағы су ғана емес, қаладағы үлкен алаңдар да тазарып қалған. Әдетте, жан-жақтан келген шетелдіктерге лық толы болатын жерлер бүгін бос болып тұр.

…?? ㅠ_ㅠ@fiIterjm

since there’s no boat’s traffic in venice’s canals, white swans came back this is precious

3,358 people are talking about this
𝕋𝕙𝕚𝕖𝕣𝕣𝕪 𝕁. 𝔽. 𝕋𝕙𝕠𝕟𝕟𝕒𝕥𝕥𝕖@ThierryJFT

Following the measures taken in to contain the , the water of city is so clean !

117 people are talking about this
Venezia Pulita / Clean Venice@VeneziaPulita

La natura si riprende I suoi spazi

1,299 people are talking about this

Айта кетейік, Италияда соңғы тәулікте коронавирустың жаңа типінен туындаған ауру салдарынан 475 адам көз жұмды. Бұл – елдегі инфекция ошағы басталған сәттен бастап 24 сағат ішінде болған өлім- жітімнің ең жоғары көрсеткіші. Елде осыған дейін барлығы 3000-ға жуық адам көз жұмды. Бұл көрсеткіш Қытайдағы 3200 өлім дерегіне жақындап келеді.