Қай компанияның смартфондары сұранысқа ие?

2021 жылдың ақпан айында смартфондардың сатылу көрсеткіші жағынан Samsung компаниясы көш бастады. Бұл туралы Strategy Analytics есебінде айтылды, деп хабарлайды Хабар24.

Оңтүстік кореялық корпорация 24 млн смартфон сатып, әлемдік нарықта 23,1 процентке ие болса, екінші орынға жайғасқан Apple 23 млн iPhone сатқан – 22 процент.

Үшінші орында келе жатқан Xiaomi 11,5 % ие болды. Ал Қытайдың Vivo және Oppo компаниялары тиісінше 10,6 және 8,5 процентке қол жеткізді.

Huawei-дің көшбасшылар қатарына іліге алмауына санкциялық қысымдар себеп.