Қазақстанда бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырды?

Қазақстанда өткен тәулікте 1492 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 346, Алматы қаласы – 415, Шымкент қаласы – 45, Ақмола облысы – 52, Ақтөбе облысы – 61, Алматы облысы – 120, Атырау облысы – 75, Шығыс Қазақстан облысы – 38, Жамбыл облысы – 19, Батыс Қазақстан облысы – 94, Қарағанды облысы – 88, Қостанай облысы – 39, Қызылорда облысы – 13, Маңғыстау облысы – 10, Павлодар облысы – 46, Солтүстік Қазақстан облысы – 21, Түркістан облысы – 10. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 241 873.

Айта кетейік, өткен тәулікте 788 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 236, Алматы қаласы – 210, Шымкент қаласы – 3, Ақмола облысы – 40, Алматы облысы – 73, Атырау облысы – 78, Шығыс Қазақстан облысы – 22, Батыс Қазақстан облысы – 8, Қарағанды облысы – 67, Қостанай облысы – 10, Қызылорда облысы – 2, Павлодар облысы – 28, Солтүстік Қазақстан облысы – 5, Түркістан облысы – 6. Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 217 168.