Коронавирус пневмониясынан 5 адам қайтыс болды

Сoronavirus2020.kz сайты 27 наурыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпаратты жариялады.

«25.03.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 102 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 190 адам емделіп шықты» делінген хабарламада.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 50317, 677 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 47225 жетті.