
«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан облыс аудандарының біріндегі әкімдіктің білім беру бөлімінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Олар аудандағы аз қамтылған отбасылардағы мектеп оқушыларына пандемия кезінде Үкімет резерві есебінен Білім басқармасы сатып алған ноутбуктердің бір бөлігін жымқыру күдігіне ілікті», – деді Д. Бекайдаров онлайн режимдегі брифингіде.
Осы қылмыстың салдарынан мемлекетке келтірілген шығын 12 млн теңгеден асып түсті.
«Тергеу мүддесіне байланысты істің мән-жайы жариялауға жатпайды. Іс бойынша тиісті шешім тергеу амалдарын жүргізу нәтижесі бойынша қабылданады», – деді ол.