Қазақстанның Бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері жаңа қаулы шығарды. Бұл туралы 24kz хабарлады.

Құжатқа сәйкес, шет елдерде демалатын жерлестеріміз үшін қосымша алдын алу шаралары қоланылады. Шетелден келетін адамдарға қойылатын талаптар өзгергені туралы туроператорлар хабардар етті. Қаулыдағы тағы бір жаңалық – демалыстан, іссапардан, ауруына байланысты жұмыс орнында болмағаннан кейін медицина қызметкерлері коронавирусқа қарсы тест тапсырып барып, медициналық ұйымға жіберіледі және анықтаманың мерзімі 3 тәуліктен аспауы керек.

Бұған қоса республиканың барлық өңірінде қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай, дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат етілді.