Қазақстанда 22 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

Қазақстанда дәл қазіргі уақытта 22 124 адам короновирус инфекциясынан (19 505 КВИ+ және 2 619 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. 

Емделіп жатқандардың арасында 6 731 пациент стационарда, 15 393 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 307 адамның жағдайы ауыр; • 76 пациенттің жағдайы өте ауыр; • 39 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 835 адам коронавирустан емделіп шықты.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 213, Алматы қаласы – 261, Шымкент қаласы – 7, Ақмола облысы – 55, Ақтөбе облысы – 65, Алматы облысы – 18, Атырау облысы – 30, Шығыс Қазақстан облысы – 12, Батыс Қазақстан облысы – 20, Қарағанды облысы – 74, Қостанай облысы – 29, Қызылорда облысы – 3, Павлодар облысы – 41, Түркістан облысы – 7. Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 213743.