Алматыдағы орталық қалалық клиникалық аурухана госпитальге айналды

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Орталық қалалық клиникалық ауруханасында КВИ-мен ауыратын науқастарды қабылдау үшін қосымша төсек орындары құрылды. «Бұл Алматыда COVID-19 инфекциясының таралуының алдын алу және коронавируспен ауыратын науқастарды емдеу аясында жасалып жатыр. 12 наурыздан бастап Орталық қалалық клиникалық аурухана 80 төсек орын ораластырылды. Тағы 120 төсек қою бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде»,- деп хабарлады басқармадан. Қазіргі уақыттақ қайта бейінделген бөлімшелерден коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды емдейтін бөлімге кадрлық ауыстырулар жүріп жатыр. «Бәрі арнайы кесте бойынша жұмыс істейді. Сондықтан барлық қызметкер медициналық көмек көрсетуге қатысады, демалысқа ешкім жіберілмейді», – деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.