Нұр-Сұлтанда маскаларды жоғары бағамен сатқандар ұсталды

Нұр-Сұлтанда медициналық маскаларды жоғары бағамен сатқандар анықталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Республикадағы төтенше жағдай кезінде Нұр-Сұлтан тұрғындары 550 дана масканы жоғары бағамын сатып келген. Оларда ешқандай құжат болмаған. Жалпы сомасы 12 500 000 теңгеге маска сатқан», – делінген комитеттің хабарламасында.

Осы жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны айтылады.

«Медициналық маскалар мен антисептик құралдардың бағасы негізсіз жоғарылағанын байқасаңыздар Қаржы бақылау комитетіне мына нөмірлер бойынша хабарласуды сұраймыз: 8 (7172) 70-84-78, 8 (7172) 31-61-45», – делінген хабарламада.