13 жасқа толмаған балалар үшін арнайы Instagram пайда болады

Әлемдегі ең ірі Facebook әлеуметтік желісі 13 жасқа дейінгі балаларға арналған Instagram нұсқасын жасап жатыр, деп жазды Bloomberg.

«Жаңа қосымша туралы компания хабарлады, бірақ ол әлі іске қосылмаған», – деді агенттік.

Қазіргі уақытта Instagram пайдаланушыларының кемінде 13 жаста болуды талап етіледі.

«Біз ата-аналары басқара алатын балаларға арналған жүйені Instagram-ға енгізуді жоспарлап отырмыз, осылайша, балалар достарымен байланыста болады, жаңа хоббиі мен қызығушылығын ашады», – деді Facebook өкілі Джо Осборн.