
Бүгін президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін енгізу туралы шешім қабылдады. Осыған орай елорда әкімі қалада қандай өзгерістер болатынын түсіндіріп, астаналықтарға үндеу жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.