Полицейлер 400 адам жиналған көкпарды тоқтатты

Шымкенттік полицейлер 400 адам жиналған Ақтас жайлауындағы көкпарды тоқтатты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары іс-шараның ұйымдастырушысы жергілікті тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша материалдар жинақтап, заңды шара қабылдау үшін тиісті басқармаға жолдады.

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері азаматтарды карантиндік шектеулерді, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтауға шақырады. Белгіленген талапты сақтамай, көкпар ойынына келген тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.