БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға Сырым және Теректі аудандарында болды.
17 наурыз күні сағат 20.58-де Сырым ауданы Шағырлыой ауылынан 7 шақырым жердегі «Ахметжан» қыстағынан жылқы іздеуге кішкентай баласымен трактормен шыққан малшының жоғалып кеткені жөнінде хабар түсті.
«Трекол» автокөлігімен жедел шыққан құтқарушылар сағат 01.10-да малшы мен оның баласын тапты.
Сағат 22.06-да Сырым ауданы Қоңыр ауылы маңында Самара-Шымкент жолынан 10-15 шақырым жерде «Нива» автокөлігі қар құрсауында тұрып қалған. 14-өрт сөндіру бекетінің құтқарушылары 5 адамды (біреуі – бала) Қоңыр ауылына жеткізді. Сондай-ақ Тасқұдық ауылы маңында тұрып қалған «Нива» автөлкөлігінен 3 адам Жымпитыдағы жылыту пунктіне жеткізілді.
18 наурыз күні сағат 01.42-де Теректі ауданы Ақсоғым ауылынан бұрылар тұста, Барбастау-Индер автожолының 71-шақырымында 10 автокөлік (үшеуі – жүк, қалғаны – жеңіл көлік) қар құрсауында қалды. Бұдан 10 адам (алтауы – бала) Ақжайық ауылына апарылды.