Қазақстанның үш өңірі «қызыл», 4 облысы «сары» аймақта

17 наурызда Қазақстан өңірлерінде эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймаққа Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан облысы кірді.

Ал «сары» аймаққа Ақмола, Қарағанды, Алматы, Атырау облыстары кірген. Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта.

Қазақстан Республикасы матрицаға сәйкес «сары» аймақта орналасқан.