Ақтауда базар өртенді

Ақтаудағы «Волна» базарынан өрт шықты. 

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 5-інші шағын ауданда орналасқан сауда орнындағы өрт туралы ақпарат сағат 02:58-де түскен.

«Жалпы ауданы 400 шаршы метр болатын халық тұтынатын тауарлар сатылатын 21 сауда орнында өрт шықты. Базардың жалпы аумағы -1300 шаршы метр, негізінен жеміс-жидек пен көкөніс сататын сауда орындарына залал келген», – делінген хабарламада.

Өрт сағат 04:19-да өшіріліп, сағат 04:45-те сөндірілді. ТЖД хабарлауынша, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі алдағы уақытта белгілі болады. Өртті ауыздықтауға 67 маман мен 24 техника жұмылдырылған.